Ақпанда қазақстандықтардың валюталық шығындары үш есе көбейген

10:46, 27 наурыз 2017

2017 жылы қазақстандықтардың валюталық шығындары 640 млн доллардан 1,9 млрд долларға дейін көбейді. Девальвацияның болу ықтималдығынан салымшылардың бұл шығыны еселеніп жатыр.

Ақпан айында қазақстандықтар (жеке және заңды тұлғалар) шетел валютасындағы жинақтарын қайта бағаланғаннан кейін 1,2 млрд доллардан артық қаражатты жоғалтқан. Бұл қаңтардағы бағамдық шығындардан екі есеге артық. Жыл басында мұндай шығынның көлемі 640 млн доллар болған еді.

Осының салдарынан 2017 жылдың басынан бері бағамдық шығын мөлшері 1,87 млрд долларға жетіп үш еселенген. Мұны Ұлттық банктің ақпан айындағы статистикалық есебіне сүйеніп abctv.kz есептеп шығарды.

Теңгенің нығаюы ақпан айында доллармен жинақталған депозиттердің азаюына елеулі ықпал етті. Осылайша, шетел валютасындағы депозиттер мөлшері қаңтар айында 52,9% (немесе 9,2 трлн теңге) болса, наурыз айының басында 51,5%-ға (шамамен 8,78 трлн теңге) дейін қысқарды.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!