Ақмоладағы кәсіпкерлер мұқтаж отбасыларға пәтер сатып алады

15:52, 19 сәуір 2019

Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz – Ақмола облысының әкімдігі мен өңірдің ірі кәсіпорындары халықтың әлеуметтік осал санатындағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету саласында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Меморандумдарға сəйкес, «Гормолзавод» ЖШС (Көкшетау қ.), «Агрофирма TNK» (Жақсылық ауданы), «AIZET FARMS» (Аршалы ауданы), «Нұр 777» (Атбасар ауданы) компаниялары осы жылы 13 мұқтаж отбасына тұрғын үй алуға ниетті.

Аймақ басшысы Ермек Маржықпаев Ақмола облысында отбасы институтын жүйелі қолдауға, атап айтқанда, Nur Otan партиясының «Бақытты отбасы» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

«Бүгінгі таңда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша кезекте тұрғандар, тұрғын үй қорына қатысушылар, көп балалы отбасылар және басқа да әлеуметтік жағынан осал топтар үшін 20 жалға берілетін және 12 несие үйлері салынуда. Қайырымдылық қорлары, бизнес-секторы де тыс қалмайды. Қазіргі уақытта облыс кәсіпкерлері 40 аз қамтылған және көп балалы отбасыларға тұрғын үй алуға көмек көрсетуге дайын», — делінген хабарламада.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!