Air France Иран мен Ирактың үстінен ұшуды тоқтатты

15:06, 8 қаңтар 2020
895

Бүгін Air France әуе компаниясы Иран мен Ирак аумағы арқылы ұшуды тоқтататынын хабарлады.

«Air France, әуе соққысы туралы білгеннен кейін Иран мен Ирак аумағы арқылы ұшуды тоқтатты. Бұл қауіпсіздік мақсатында жасалды», — деді компания өкілі франциялық БАҚ-на.

Бұған дейін АҚШ ұшақтарына Иран мен Ирак аумағынан, Парсы, Оман шығанағы үстінен ұшуға тиым салған еді.

Ал бүгін таңертең бортында 168 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі бар украиналық Boeing 737-нің апатқа ұшырап, экипаж бен жолаушылардың қаза тапқаны хабарланды. Әйтсе де оның АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіскен жағдайға қатысы бар-жоғы белгісіз. Кейбір деректерге қарағанда ұшақ техникалық ақаудан апатқа ұшыраған. Иран зымырандары байқаусызда атып түсірді деген ақпарат та тарады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!