Air Astana 3,6 млрд долларға 30 Boeing 737 MAX ұшағын сатып алуы мүмкін

15:55, 19 қараша 2019

Алматы. 19 қараша. 7kun.kz — Қазақстаннның Air Astana әуекомпаниясы Fly Arystan лоукостері үшін 30 Boeing 737 MAX 8 ұшағын сатып алуға ниетті. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Air Astana және Boeing компаниялары Дубайда өткен авиасалон барысында Fly Arystan лоукостерінің негізі болатын жаңа отыз Boeing 737 MAX 8 ұшағына тапсырыс беру туралы хабарлады», — делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, компаниялар каталогтағы құны 3,6 млрд долларды құрайтын 30 ұшақ сатып алу ниеті туралы келісімге қол қойған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!