Аида Балаева алдағы уақытта қоғамдық ұйым өкілдерімен жиі кездесетінін айтты

15:53, 16 мамыр 2020

Кеше Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Алматыда үкіметтік емес ұйымдармен, қоғам қайраткерлерімен және еріктілер бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Отырыс барысында азаматтық сектордың жаңа заңнамалық бастамаларды, азаматтық қоғамды дамыту Тұжырымдамасын, «Еститін мемлекет» Тұжырымдамасын, азаматтық қоғамның ел Президентінің Жолдауын іске асырудағы және халықпен кері байланыс орнатудағы рөлін талқылауға қатысу мәселелері талқыланды. 

Министр үкіметтік емес сектордың төтенше жағдайлар мен карантин жағдайында халықты қолдау шараларын іске асырудағы үлесін атап өтті.

Аида Балаеваның айтуынша, министрлік ашықтық пен азаматтық қоғам институттарымен тығыз өзара іс-қимыл қағидатын ұстанады. Халықпен кездесулер тұрақты, әрі салалық негізде өткізілетін болады. Министрлік мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы халықтың барынша хабардар болуына және азаматтардың осы бағдарламаларға қатысуын ерекше назарда ұстайтын болады.

«Үкіметтік емес ұйымдар қатысуымен жүзеге асырылатын Мемлекеттік органдар тарапынан жоспарлаған әлеуметтік жобалар, қазақстандықтардың сұраныстары мен қажеттіліктеріне негізделуі керек. Сонымен қатар, жоспарлау, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, мемлекеттік гранттық қаржыландыру мәселелері ашық болуға тиіс. Министрлік халықтың әртүрлі мақсатты топтарын (ерекше қажеттіліктері бар адамдар, NEET санатындағы жастар (білімі мен дағдылары жоқ), көп балалы отбасылар және т.б.) құқықтық, қаржылық, сандық сауаттылық пен дағдыларға үйретуге бағытталған жобаларды әзірлейді», — деді министр. 

Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды, волонтерлық және арнайы әлеуметтік қызметтер саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша нақты ұсыныстарын білдіріп, министрліктің ашық диалог пен бірлескен жұмысқа дайын екендігін атап өтті.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!