Ахметов: 10 жылдан соң Қазақстандағы ірі қара мал санын 15 млн-ға жеткізу керекпіз

09:20, 25 сәуір 2018

Алматы. 25 сәуір. 7kun.kz – Кеше өткен Үкімет отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында ҚР АШМ мал шаруашылығы департаментінің директоры Еркебұлан Ахметов ірі қара мал шаруашылығы туралы айтып берді деп жазады премьер-министрдің баспасөз қызметі. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда 7 млн ірі қара бар. Ал он жылдан кейін бұл көрсеткіш 15 млн-ға жетуі керек.

«Он жыл ішінде ірі қара мал басын екі есеге арттырамыз десек, бүгінде 7 млн ірі қара мал болса, 10 жылдан соң оны 15 млн дейін жеткізу керекпіз. Осы орайда бүгінгі бағдарлама аясында шетелден 1 млн-ға жуық мал басын әкеп, шаруаларға тарататын боламыз. Ал қалған өсім басқа да малдар есебінен қамтамасыз етіледі, яғни бизнес тікелей өзінің қаражатына мал әкеліп, оны көбейте алады», — деді мал шаруашылығы департаментінің директоры.

Айта кетейік, 24 сәуірде Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев Үкімет мүшелеріне 2018–2027 жылдарға арналған етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын таныстырды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!