АХҚО 2021 жылға дейін лицензиялық төлемдерден бас тартпақ

12:10, 19 маусым 2018

Алматы. 19 маусым. 7kun.kz – Астана халықаралық қаржылық орталығының (АХҚО) қаржылық қызметтерді реттеу бойынша комитеті (AFSA) 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін реттелетін, нарықтық және көмекші қызметтерге лицензия беру төлемін қабылдамау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды LS.

Алайда аталмыш бас тарту компанияның тіркелу жарнасына қатысты қолданылмайды, бұл жарна $100 мөлшерінде қалады.

«Лицензиялық алымды төлеуден бас тарту АХҚО дамытудағы маңызды бастапқы қадамдардың бірі, себебі ол бизнес жүргізу құнын айтарлықтай төмендетуге және бизнеске АХҚО-ны қаржылық және қаржылық емес қызметтердің орталығы ретінде қабылдауына себепші болады. Бұл шешімнің мақсаты – компаниялардың орталық қатысушысына айналуы үшін қолайлы бизнес орта қалыптастыру. Біздің пікірімізше, алымдардан бас тарту жергілікті және халықаралық компанияларды, сондай-ақ жеке тұлғаларды алаңды Орталық Азия мен шет мемлекеттерде бизнес жүрігузег арналған орталық ретінде қолдануға ынталандырады.», – деді AFSA басшысы Стивен Глинн.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!