Аграрлық несие корпорациясының басқарушы директоры пара алды деген күдікке ілінді

18:08, 13 қараша 2019

Алматы. 13 қараша. 7kun.kz — Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «ҚазАгро» мемлекеттің холдингінің «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарушы директоры – Басқарма мүшесіне қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«… алдау және сенімге қиянат жасау арқылы күдікті «Интер-Агро» ЖШС мен «ИнтерАгроТрейд» ЖШС-нің құрылтайшысына және басшысына тиесілі, алдын-ала келісілген 200 мың АҚШ долларынан 20 миллион теңгені оның құзыретіне кірмейтін шешім қабылдағаны үшін, Ақтөбе облысында орналасқан элеватор — кепіл мүлігін сатып алу-сату шартын жасау түрінде алған» , — делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство хабарламасында.

Хабарламада күдікті туралы толық мәліметтер көрсетілмеген.

Қазіргі уақытта ол ұсталып, Нұр-Сұлтанда уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр.

«Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады», — делінген хабарламада.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!