АӘК алу үшін 73 мың отбасы табысын жасырған

16:44, 7 қазан 2019

Нұр-Сұлтан. 7 қазан. 7kun.kz — Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алу кезіндегі алаяқтық жағдайлары кездескен. Бұл туралы бүгін  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

«Енгізілген АӘК тетігі оң және теріс фактілерге ие… жекелеген азаматтар АӘК мүмкіндіктерін теріс пайдаланды. Мысалы, АӘК тағайындау кезінде 73 мыңнан астам отбасы табысты жасырған. АӘК заңсыз тағайындалуы анықталды. Аталған жағдайлар бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар барлық жағдайды пысықтады», — деді ол Үкімет отырысында.

Ол 2018 жылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау құқығын анықтау үшін табыс деңгейіне қойылатын өлшемдер өзгертілгенін атап өтті. 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап кедейлік шегі 50%-дан 70%- ға дейін өсті, сондай-ақ аз қамтылған отбасынан шыққан әрбір балаға АӘК мөлшері 20789 теңге немесе 70% деңгейінде белгіленді. Сонымен қатар, шартсыз ақшалай көмек көрсету мерзімі үш айдан алты айға дейін, шартты ақшалай көмек көрсету мерзімі 6 айдан 12 айға дейін ұзартылды.

Осы жылдың тоғыз айында АӘК 413 мың отбасы немесе 2,1 млн адам тағайындалды. АӘК орташа мөлшері 2,5 есеге артты. Барлық АӘК алушылардың жартысынан астамы — көпбалалы отбасы мүшелері.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!