Адам өлтірді. Атамбаевқа айып тағылды

13:18, 13 тамыз 2019
509

Қырғызстанның экс-Президенті Алмазбек Атамбаевқа ауыр қылмыстар жасады деген айып тағылды. Бұл туралы ҚР Бас Прокуратурасының басқарма басшысы Замир Бейшекеев айтқан.

Адам өлтірді, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды, кепілге адам алды және билік өкілдеріне қарсы күш көрсетті деген айыптар бойынша ол енде өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Атамбаевтың Қой-Таш ауылындағы резиденциясындағы екікүндік операция кезінде арнайы жасақтың бір сарбазы өліп, алтауы кепілге алынған. 136 адам зардап шеккен. Артынан Атамбаев өз еркімен беріліп, 26 тамызға дейін абақтыға қамалды.


Атамбаев Қырғызстанда 20011-2017 жылдары басқарып, сайлаудан кейін билікті серіктесі Сооронбай Жээнбековке тапсырды.

Биылғы маусым айында парламент прокуратураға экс-президенттің Бішкек ЖЭС модернизациялау, Азиз Батукаевты заңсыз босату және басқа да қылмыстарға қатысы бар деп айыптаулар жолдады. Кейін тиіспеушілік мәртебесінен айырды.


Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!