Aбайлаңыз! Аndroid жүйесі арқылы жаңа вирус тарап жатыр

22:20, 19 наурыз 2018

Алматы. 19 наурыз. 7kun.kz — Fakebank вирусының жаңа нұсқасы Android-смартфон пайдаланушыларына банктер шалған қоңырауларды ұстап алады. Сөйтіп, ақша аударуға қажетті деректерді ұрлайды, деп хабарлайды Tengrinews.

Сарапшылар осындай 22 үстеме тапты. Дәл солай Оңтүстік Кореяның банктерінің клиенттері шабуыл астында қалды. Сарапшылардың пікірінше, қоңырау шалғанда, вирус банктің нағыз нөмірін банк агенті болып таныстыратын алаяқтың телефонымен алмастырады. Пайдаланушы ол кезде телефонында банктің нөмірін көреді. Сондай-ақ, бағдарлама кіріс қоңыраулар шалынған кезде де жұмыс істейді. Ол жағдайда алаяқ зардап шегушіге қоңырау шалған кезде телефон нөмірі банк нөмірін көрсетеді.

Бұл әрекеттер қолданушы рұқсатын талап етпеу үшін вирус үнемі оңтайландырылып тұрады.

Сарапшылар телефондағы бағдарламаланы үнемі жаңартып тұруды, қосымшаларды таныс емес көздерден жүктемеуді ұсынады. Сондай-ақ, әр түрлі қосымшаларды сұрайтын рұқсаттарды мұқият қадағалап, телефонға антивирус орнату қажет.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!