Абаевтың кеңесшісі «Егемен Қазақстанға» барды

19:10, 12 қаңтар 2018

Алматы. 12 қаңтар. 7kun.kz – Бүгін еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстанда»  кадрлық өзгерістер болды. 

Бұған дейін ҚР Ақпарат және коммуникация министрінің кеңесшісі болған Қамбар Ахметов  «Егемен Қазақстан» газеті Бас редакторының орынбасары болды. Ол бұған дейін «Орталық Қазақстан», «Айқын» газеттерінде, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының медиа орталығында, соңғы жылдары Ақпарат және коммуникация министрлігінде істеген еді.

Сонымен қатар газеттің Алматы облысындағы тілшісі де ауысқан. Жетісу жаңалықтарын енді Егемен арқылы елге белгілі журналист Қалмахамбет Мұқаметқали жеткізбек.

Бұған дейін Қарағанды облысындағы меншікті тілші Мирас Асан газеттің бас редакциясына ауысқан. Ал Қарағанды облысындағы меншікті тілші қызметін енді Қайрат Абдолла атқармақ.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!