2018 жылы жаңа кредиттерді беру 33,3 пайызға ұлғайды

13:36, 17 сәуір 2018

Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz – 2018 жылғы қаңтар-ақпан аралығында жаңа кредиттерді беру 33,3%-ға немесе 2017 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 424 млрд теңгеге ұлғайды.

Кредиттер көлемі 2018 жылғы ақпанның соңында 12,5 трлн теңгені құрады. Жылдың басынан бастап оның 1,2%-ға төмендеуі банктердің кредиттік портфельді қалыпқа келтіруі бойынша шараларын көрсетеді. Ол туралы бүгін Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Үкімет отырысында баяндама жасаған кезде айтты.

2018 жылғы қаңтар-ақпан аралығында жаңа кредиттерді беру 33,3%-ға немесе 2017 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 424 млрд теңгеге ұлғайып, 1,7 трлн теңге болғанын атап өтті.

«Банк секторында қазіргі уақытта 32 банк жұмыс істейді. Ақпанның соңындағы жиынтық активтер 23,6 трлн теңгені құрады. Сақтандыру секторында 32 сақтандыру ұйымы жұмыс істейді. Сақтандыру ұйымдары активтерінің жиынтық көлемі 2018 жылғы 1 наурызда 935,8 млрд теңге болды», – деді Д. Ақышев.

Ұлттық банк басшысы сөзін қорыта келе қаржы секторын «қайта жаңғырту» шегінде Ұлттық банктің Мемлекет басшысы қойған міндеттерді шешу үшін жұмыс істеп жатқанын айтты.

«Қазіргі кезде банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасының үшінші бағыты – қадағалау өкілеттіктерін күшейту және тәуекелге бағдарланған тәсілді енгізу іске асырылуда. Біз заңнамаға тиісті түзетулерді Үкімет пен Парламентке жібердік», – деді Д. Ақышев.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!