2018 жылы Транскаспий көлік бағдарымен 4 млн тонна жүк тасымалданады

18:06, 19 ақпан 2018

Алматы. 19 ақпан. 7kun.kz — Анкарада «ТККБ» ХҚ» ЗТБ жалпы жиналысының отырысына қатысқан «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Түркияның көлік және коммуникациялар министрі Ахмед Арсланмен кездесті.

Кездесу барысында көлік және логистика саласындағы серіктестікті дамыту жайы талқыланды.

Оның ішінде, Транскаспий халықаралық көлік бағдарындағы «Орта дәлізді» дамыту мәселесі қаралды.

Тараптар 2018 жылы ТККБ аумағында төрт млн тонна жүк тасымалдау, оның ішінде 15 мың ЖФЭ контейнерлік (75 мың тонна) бағдар жоспарлауға келісті.

Дөңгелек үстелдегі отырыс барысында халықаралық дәліздегі қызметті одан әрі дамыту, жүк тасымалын тоқталыссыз ұйымдастыру, бағдардағы тарифтік қолайлы ахуалды жасау жайлары талқыланды.

Қ.Алпысбаевтың айтуынша, ТККБ қатысушы елдердің белсенділігі нәтижесінде, жүк тиеу көлемін көтеру, инфрақұрылымға жаңа жүк ағындарын тартуға мән берілуі керек.

«ТККБ мультимодальдық тасымалдаудағы жүк ағынын арттыру, мониторинг жүргізу арқылы пойыздар қиындықпен өтетін тұстарды анықтап, ол жерлердегі инфрақұрылымды жаңғырту көзделеді», – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы.

Қанат Алпысбаев «Түрік темір жолының» бастамашылығымен ТККБ-ға кіруін маңызды қадам деп атап өтті.

Отырыста ТККБ 2018 жылға арналған тарифтік мөлшерлеме жайы, 2018 жылы Баку-Тбилиси-Карс жаңа теміржол желісінің қоса алғандағы әлеуетін талқылап, бекітті.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!