2019 жылы Тараздағы жолдарды жөндеуге 2,5 млрд теңге бөлінді

12:09, 23 мамыр 2019

Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz – Таразда 2019 жылы жолдарды жөндеуге 2,5 млрд теңге жұмсалмақ. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандар орналасқан және қоғамдық көлік маршруттары өтетін көшелер жөнделеді.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, 2019 жылы жоспарланған 2,46 млрд теңгенің 100 млн теңгесін 86 көшенің жүру бөлігін ағымдағы жөндеуіне жұмсау жоспарланған. Осы жұмыстар аясында 22 мың шаршы метр жол жабыны жөнделеді.

Бүгінгі күні облыс әкімдігінің мәліметі бойынша 36 көше жөнделді. Жұмыстар шілде айында аяқталмақ.

«Ұзындығы 75 км болатын 148 көшелер орташа жөндеуден өтеді. Бұған Арай және Тайвань тұрғын үй аудандарындағы көшелер кіреді. Бұл мақсатқа 1,5 млрд теңге бөлінді. Жергілікті бюджеттен бөлінетін тағы 600 млн теңге Тараз шағынаудандарының жолдарын ағымдағы жөндеуге жұмсалады», — делінген облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ, Бурылдың үш алабындағы 50 көшеге қиыршық тас төселеді. Бұл үшін 260 млн теңге жұмсалмақ.

Айта кетейік, бүгінгі күні облыс орталығының коммуналдық меншігінде жалпы ұзындығы 1531 км 1330 көше бар.

Бұл ретте, облыс әкімдігі Тараз жолдарын жөндеу, қызмет көрсету және есепке алу жұмыстары жақында қабылданған үш жылдық Жол картасында қарастырылғанын атап өтті.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!