2017 жылы нарықта отандық автокөліктер үлесі артуы мүмкін

22:29, 17 қаңтар 2017

Автоөндіріс туралы айта кетейік. Өткен жылы көлік саудасын қыздырып, мол пайдаға кенелеміз деген отандық автодиллерлердің үміті ақталмады. Жаңа көлікке деген сұраныс екі есе төмендеген. 

Жалпы былтыр елімізде шығарылған 47 мың темір тұлпар иесін тапқан. Саланың аяқалысына Алматыдағы әріптесіміз Алмас Садуақас тоқталады.

Алмас Сәдуақас, тілші 

-Өткен жылы елімізде Қиыр Шығыс пен Батыс Еуропа елдерінде шығарылған көлікке деген сұраныс жоғары болды. Ал ресейлік көлікті сатып алу көрсеткіші 67 пайызға төмендеген. Биыл мамандар: «Елімізде құрастырылған көлікке сұраныс артады», – деп сенеді. 

2010 жылдан бері экономиканың күре жолында жылдамдығын үдетіп, жүйткіген автонарық саласы өткен жылы сәл бәсеңсіп қалды. Өйткені тұтынушының төлем қабілеті төмендегендіктен сұраныс та азайды. 

Жағдайдың жай-жапсарын түсіндірген Қазақстан авто бизнесі қауымдастығының өкілдері осылай деп қынжылды. Сырттан әкелінген автокөліктер саудасы бәсеңдегенімен, отандық өнімге деген сұраныс ұлғайып келеді. 

Антон Афонин, отандық автоөндіруші компанияның атқарушы директоры 

-2015 жылдың ортасына дейін нарықтағы отандық көлік үлесі 10 пайыздан сәл асқан еді. Бірақ былтыр әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан елімізде құрастырылған көлік саны екі есе ұлғайып, жыл қорытындысы бойынша 26 пайызды құрады. 

Сонымен бірге жаңа көліктертер «Евро-5» міндетті экологиялық талапқа сай болуы тиіс. Бұл экологиялық талап дегеніңіз көліктен бөлінетін газдағы зиянды химиялық қоспаларды анықтайды. 

Еуроодақ елдерінде «Евро-5» талабы 2008 жылдан бері міндеттелген. Ал Қазақстанда ол 2011 жылдан бері бірте-бірте енгізіліп келеді. 

Андрей Лаврентьев, Қазақстан авто бизнесі қауымдастығының президенті  

-Елімізде отандық автокөлікке деген сұраныстың арту үрдісі байқалады. Бұл жақсы жаңалық. Өйткені несиелеу бағдарламасы отандық автөндірістің дамуына мүмкіндік беруде.

Еліміздің автонарық саласының дамуына сенім білдірген мамандар: «Биыл саудаланатын отандық көліктер санын 55 мыңға жеткіземіз», – деп отыр.  

Авторлары: Алмас Садуқаас, Валентин Лобанов

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!