2019 жылы 6 мың көпбалалы отбасы баспаналы болады

14:31, 23 мамыр 2019

Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz – 2019 жылы Қазақстан бойынша 6 мың көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде хабарлады.

«Бүгінгі таңда республикада 714 көп балалы отбасы баспанамен қамтамасыз етілген. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын орындау аясында өңірлерде көпбалалы отбасыларға баспана беру басталды. 2019 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Парламенті көп балалы отбасыларға тұрғын үй беру туралы тұрғын үй қатынастары туралы заң қабылдады. Ағымдағы жылдың мамыр айында бүкіл ел бойынша 2019 жылы жоспарланған 6 мың отбасының 1,2 мың көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр», — делінген хабарламада.

Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанда тұрғын үй алу кезегінде 32 мың көп балалы отбасы тұр.

«Көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттерді жүзеге асыру барысы ерекше бақылауға алынған», — деді министрлікте.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!