2017 жылы 573 мың адам жұмыспен қамтылды

10:35, 15 қаңтар 2018

Бағдарламаны жүзеге асыру барысында 573 мыңнан астам қазақстандық жұмыспен қамтылған.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша жұмыс табуға талпынған азаматтар ішінде – 403 мың адам (70,4 пайыз) жұмыссыздар, 149 мың адам (26 пайыз) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына жатады.

Сонымен бірге 29 жасқа дейінгі қатысқан жастардың үлесі 42,5 пайыз, ал әйелдер үлесі – 49,2 пайыз болды.

Бағдарлама аясында 315 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс орындарына тартылды. 138 мыңға жуық адам жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары және қоғамдық бағдарламалар арқылы уақытша жұмысқа орналасты.

Жалпы алғанда, 2017 жылы бағдарламаны іске асыруға 85 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2018 жылы аталған бағдарлама шеңберінде 500 мыңнан астам азаматты қамту жоспарланып отыр.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!