2018 жылы мүгедектерге жәрдемақы ретінде 326,8 млрд теңге бөлінеді

09:51, 15 қаңтар 2018
818

Алматы. 15 қаңтар. 7kun.kz – 255,9 млрд теңге мүгедектігі, асыраушысынан айырылу бойынша және жасына байланысты жәрдемақылар төлеміне бағытталды деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігінің баспасөз қызметі. 

2018 жылдың басындағы жағдай бойынша, мүгедектерге берілетін жәрдемақы көлемі орташа есеппен 33 087 теңге, асыраушысынан айрылғандар үшін – 12 719 теңге, және жасына қатысты – 12 719 теңге болды.

2018 жылы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты 16 пайызға артты.

Осылайша, жалпы ауруға шалдыққан бірінші топтағы мүгедек – 54 306 теңге, екінші топтағы мүгедек  – 43 275 теңге, ал үшінші топтағы мүгедек – 29 416 теңге мөлшерінде жәрдемақы алады.

Аталған санаттағы адамдарды әлеуметтік қолдауға республикалық бюджеттен көзделген қаражаттың жалпы көлемі 2018 жылы 326,8 млрд теңгені құрайтын болады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!