2019 жылы қолма-қол емес операциялардың көлемі 1,5 есеге артты

16:43, 29 қаңтар 2020

Алматы. 29 қаңтар. 7kun.kz — 2019 жылы қазақстандық эмитенттердің төлем карталарын пайдалана отырып жасалған операциялар көлемі 30,9 трлн теңге сомаға 1,6 млрд транзакцияны құрады. 2018 жылмен салыстырғанда транзакциялар саны 93,9%-ға, сомасы – 54,7%-ға өсті, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Осылайша, төлем карталарын пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз операциялар көлемі 2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артты

» Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған операциялардың жалпы құрылымындағы қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі саны бойынша 76,1%-ға дейін (2018 жылы – 64,7%), көлемі бойынша – 46,9%-ға дейін (32,0%) өсті», делінген ҰБ хабарламасында.

Сонымен қатар, 2019 жылы халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы жіберілген ақшаның жалпы көлемі 701,7 млрд теңге сомаға 2,9 млн аударымды құрады. Қазақстаннан тыс жіберілген аударымдардың жалпы көлемінен транзакцияның жалпы санының 90,6%-ы (2,6 млн транзакция) және жалпы сомасының 93,4%-ы (655,2 млрд теңге) бағытталды.

«Қазақстан бойынша ақша аударымдары жүйелері арқылы ақша аударымдарының жалпы санынан 9,4% (0,3 млн транзакция) және жалпы сомасынан 6,6% (46,5 млрд теңге) жүргізілді. Шетелден халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы 344,6 млрд теңге сомаға 1,7 млн транзакция алынды», — деді Ұлттық банкте.

Айта кетейік, Қазақстанда 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша төлем карталарын шығаруды 22 банк пен «Қазпочта» АҚ жүзеге асырды, эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының жалпы саны 32 млн бірлікті құрады, сауда кәсіпорындарының төлем карточкаларын төлеуге қабылдайтын 96,4 мың жұмыс істеді, төлем карталарына қызмет көрсету желісі 11,3 мың банкомат пен 170,4 мың POS-терминалдар арқылы ұсынылған.

Сондай-ақ, 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан аумағында 17 төлем жүйесі, оның ішінде Ұлттық Банктің төлем жүйесі, ақша аударымдары жүйесі, төлем карталары жүйелері жұмыс істейді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!