2018 жылы қазақстандықтар онлайн-сатып алуға қанша ақша жұмсады?

13:07, 26 наурыз 2019

Алматы. 26 наурыз. 7kun.kz – 2018 жылы қазақстандықтардың онлайн-сатып алуларының орташа  чегі 56 АҚШ долларын құрады. Мұндай деректерді рicodi.com ұсынды.

Picodi.com сарапшылары 2018 жылы интернет пайдаланушылары жасаған транзакцияларды зерттеді. Олар қандай құрылғылардан жиі сатып алынды, бір жыл ішінде орташа чек қалай өзгерді және сатып алу белсенділігі қай уақытқа болды деген сұрақтарға жауап іздеді.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, орташа чек планшет пайдаланушылар үшін – 23 000 теңге, компьютер – 22 000 теңге, ал смартфон қолданатынға – 20 000 теңге болды. Android операциялық жүйесі арқылы сатып алудың орташа сомасы iOS-қа қарағанда 4000 теңгеге аз.

Қазақстанда онлайн-сатып алудың басым саны әлі де ДК-мен (60%) жасалады. Смартфондар арқылы (37%) сатып алу екі есе аз, ал планшеттердің үлесі – 3%.

Елімізде онлайн-сауданың 62%-ын әйелдер, 38%-ын еркектер жасайды.

Интернет транзакцияларды 25-34 жас аралғындағы азаматтар жиі қолданады. Олардың үлесіне жалпы тарнзакциялардың – 47%-ы тиесілі. Онлайн-сауда жасайтындардың 7%-ын 55 жастан асқан адамдар құрайды, 9%-ы – 45-54 жас тобы, 18%-ы – 35-44 жастағы сатып алушылар, 19%-ы – 18-24 жас аралығындағы азаматтар.

Сарапшылардың зерттеуінше, 2018 жылы Қазақстандағы ең жоғарғы орташа чек қыркүйек айында болды. Бұл уақытта сауда көлемі 38 000 теңгеден асты. Ал ең төменгі чек желтоқсанда тіркелді – 10 178 теңге.

Зерттеуде сатып алушылардың белсендігі қараша айында жоғары болғаны көрсетілген. Ал қаңтарда интернет транзакциялардың саны азайған.

Қазақстандық шопоголиктер арасындағы аптаның ең белсенді күні – жұма (компьютерлерден) және бейсенбі мен жексенбі (мобильді құрылғылардан). Ал барлық сатып алудың 9%-ы тамақтан кейінгі уақытта жасалады(14:00-ден 16:00-ге дейін), кешке қарай тұтыну белсенділігі төмендейді, бірақ түнге жақын өседі.

Интернет арқылы тапсырыс берілетін ең танымал санаттар: тұрмыстық техника және электроника, киім және аяқ киім, косметика, сондай-ақ балаларға арналған тауарлар.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!