2016 жылы Қазақстанда 3 миллион адамға айыппұл салынды

14:07, 20 қаңтар 2017

2016 жылы түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 2,9 млн. адамға айыппұл салынды. «Бұдан бөлек, 940 мыңға жуық құқық бұзушылар өзге де жаза түрлеріне тартылды, яғни 803 403 — ескерту, 75 197 — әкімшілік қамаққа алу, сонымен қатар 52 662 адамға қатысты жүргізушілік куәлігінен айыру шаралары қолданылды»,-деп атап өтілген құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет мәліметінде.

Жасаған әрекеттері үшін құқық бұзушылар салынған айыппұлдардың 64,2 пайызын, яғни 41,3 млрд. теңгені мемлекет пайдасына өтеген. Одан басқа, өткен жылдардағы құқық бұзушылылардан мемлекеттік бюджетке 8,7 млрд. айыппұл өндірілген.

Әкімшілік өндірістің қысқартылған тәртібі бойынша 50 пайыз жеңілдікпен алғашқы 7 тәулік ішінде төленетін әкімшілік айыппұлдар құқық бұзушылардың 8,6 млрд. теңгесін үнемдеген көрінеді.

Анықталғандай, белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін — 247 096 жүргізуші, мас күйінде көлікті басқарғаны үшін — 35 417, сондай-ақ қоғамдық орындарда мас күйінде ұсталған — 193 113 адам, жекелеген қоғамдық орындарда темекі тартқаны үшін 120 957 адам жауапкершілікке тартылды.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!