2018 жылы 42 инвестормен 7,5 млрд доллар сомасына жаңа келісімдерге қол қойылды

10:21, 25 мамыр 2018
462

Алматы. 25 мамыр. 7kun.kz – Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті деп жазады премьер-министрдің баспасөз қызметі. 

Отырыс барысында Kazakh Invest басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев 2018 жылға арналған жұмыстың аралық нәтижелері туралы баяндады.

Жыл басынан бері 42 жаңа шетелдік инвесторлармен $7,5 млрд сомасына жобалар бойынша келісімге қол жеткізілді. $1 млрд сомасына 18 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды, ірі шетелдік инвесторлармен 4 жоба бойынша құжаттарға қол қойылды. $7,1 млрд сомасына 15 жобаны белсенді жүргізу жұмыстары басталды.

С. Тұяқбаев Ұлттық инвестициялық стратегияға сәйкес барлық басымдықты елдермен жұмыс жасалып, шетелдік инвесторларды мақсатты түрде бағыттау шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Аталған жұмысқа Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері белсенді түрде араласуда.

Сондай-ақ, Директорлар кеңесінің отырысында ұлттық компанияның қызметін реттейтін бірқатар ішкі құжаттар, оның ішінде «Kazakh Invest» ҰК-ның он жылдық кезеңге арналған стратегиясы мақұлданды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!