2016 жылы бала күтіміне 30,9 млрд теңгеден аса қаражат жұмсалған

10:03, 16 қаңтар 2017

2016 жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 30,9 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды. Бұл туралы Денсаулық сақтау миниcтрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жәрдемақының мұндай түрін алушылардың жылдық орташа саны 143,3 мың адамды құрады. Ал жәрдемақының мөлшері балалардың кезегіне қарай 12 217 теңгеден 18 877 теңге аралығында құрады.

2017 жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 35,9 млрд. теңге қарастырылған.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!