2018 жылы Алматыға қанша турист келді
Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz – 2018 жылы Алматыға 1,1 млн турист келді. Бұл туралы Алматы туризм басқармасының басшысы Мақсат Кикимов KITF 2019 халықаралық көрмесінде мәлімдеді.
Кикимовтың хабарлауынша, туристер ағыны бір жыл ішінде 12%-ға өсті.
«2017 жылы туристер ағыны көп болды. Көптеген адамдар Алматы арқылы EXPO-ға ұшып барды. Бірақ сол жылғы туристер саны 2018 жылға қарағанда аз болды. Тек әуежай арқылы 2018 жылы 500 мың шетелдік турист тіркелген», — деді М.Кикимов.
Бұл ретте 350 мың турист қонақ үйлер мен хостел қызметтерін пайдаланды.
Оның мәліметтері бойынша, шетелдік туристердің 37%-дан астамы Алматыны TripAdvisor сайты арқылы, 8%-ы сарафан радиосының арқасында, тағы 8%-ы әлеуметтік желілер арқылы таңдайды.
«TripAdvisor мәліметтеріне сәйкес, туристердің басым бөлігі экологиялық туризмге қызығушылық танытады. Тау туризмі ерекше танымал. Алматы таулы кластерінің ұзындығы 56 км. Бұл аумақ туризмді қолдаудың жаңа мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. Біз 2025 жылға дейін трассаның ұзақтығын 8,8 есе 465 км-ге дейін, ал өткізу қабілетін 7 мың адамнан 65 мың адамға дейін ұлғайтуды көздеп отырмыз», — деді Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 8 қараша 2023
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтуде
-
20:55, 2 қараша 2023
Бюджет жобасын «даму бюджеті» емес, «қолдау бюджеті» деп атауға болады — Руслан Берденов
-
20:36, 2 қараша 2023
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған гала-концерт өтті
-
20:30, 1 қараша 2023
«Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы өзгерді
-
12:18, 31 қазан 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл