2017 жылғы 1 желтоқсанға еліміздегі халық саны 18 137,3 мың адамды құрады

11:26, 17 қаңтар 2018
2149

Алматы. 17 қаңтар. 7kun.kz – 2017 жылғы 1 желтоқсанға еліміздегі халық саны 18 137,3 мың адамды құрады. Соның ішінде қалалықтар – 10 413,2  мың (57,4 пайыз), ауылдықтар – 7 724,1 мың адамды (42,6 пайыз) құрады. 2016 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда, халық саны 231,3 мың адамға, 1,3 пайызға өсті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-қарашада туылғандар саны 359,6 мың адамды құрады. Бұл 2016 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 4,9 пайызға аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,78 туылғандарды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 119,8 мың адамды құрады. Бұл 2016 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 1,3 пайызға кем. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,26 қайтыс болғандарды құрады.

2017 жылғы қаңтар-қарашада республикада 1 жасқа дейінгі 2896 нәресте өлімі тіркелді.

Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі – перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар. Бұдан 2017 жылғы қаңтар-қарашада 1455 нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 50,2 пайызын құрады. Туа біткен ауытқулардан 682, тыныс органдары ауруларынан – 177 және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан – 156 нәресте қайтыс болды.  2017 жылғы қаңтар-қарашада нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 8,05 құрады.

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-қарашада елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2016 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 21,2 пайызға көбейіп, 14 528 адамды құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 8,0 пайызға артып,  35 158 адамды құрады. Көші-қонның айырымы 20 630 адам болды.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен байланысты.

  • ТМД елдерінен келгендердің үлесі 71,4 пайыз;
  • ТМД елдерге кеткендердің үлесі 89,5 пайыз.

Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 35,4 пайызын кұрады. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы:

  • Астана қаласы – 35 257адам;
  • Алматы қаласы – 28 906 адам;
  • Ақмола облысы – 1 534 адам қалыптасты.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!