2020 жылдың соңына дейін шағын елдімекендердің барлығы мобильді интернетке қосылады

14:49, 28 ақпан 2020

Қазақстанда 250-ден асатын тұрғыны бар шағын ауылдардың барлығы мобильді интернетке қосылады. Бұл туралы президентпен кезедсуі кезінде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев айтты, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, телекоммуникациялық инфрақұрылымды, инновациялық экожүйені және адами капиталды дамыту, экономика салаларын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

Сонымен қатар Қазақстан Президентіне қалаларды цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Жұмағалиевке бірқатар нақты тапсырма берді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!