2020 жылдан бастап қазақстандықтар пәтер сату кезінде салық төлеу қажет

18:54, 18 қаңтар 2017

 Енді қазақстандықтар пәтерін сатқан кезде түскен табыстың 10%-ын салық ретінде төлеуі керек. Бұл туралы мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев мәлімдеді.

«Салық кодексіне енгізілген өзгерістер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Оған дейін бұрынғы тәртіп қалады. Яғни өзінің атына тіркеген күннен бастап жеке иелігінде бір жылдан астам уақыт бойы тұрған пәтер сатылса, одан түскен қаржы мүліктік табыс ретінде қарастырылмайды. Демек жеке табыс салығы ретінде декларация жариялаудың қажеті жоқ», — делінген комитет басшысының ведомства сайтындағы сұраққа берген жауабында.

Бірақ жеке тұлға өз атына тіркелген күннен бастап жеке иелігінде бір жылдан аз уақыт тұрған пәтерін сатса, ол мүлік кірісі деп есептеледі.

«Мұндай кіріс болған кезінде жеке табыс салығының декларациясын (240.00 формасы) ұсыну қажет. Мерзімі пәтер сатылған уақыттан бастап келесі жылдың 31 наурызына дейінгі аралық деп есептеледі. Ал табыстың 10 пайызы көлеміндегі салық 10 сәуірге дейін төленуі қажет», — деп атап өтті А. Теңгебаев.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!