1 жылда 500 мың қазақстандық туркод алды

15:23, 1 тамыз 2018
1262

Алматы. 1 тамыз. 7kun.kz – Шетелдегі азаматтардың қауіпсіздігіне кепіл беру жүйесінің жұмыс істеген уақытынан бастап «Туристік Қамқор» Корпоративті Қоры (КҚ) шетелге демалуға шыққан қазақстандықтарға 500 мыңға жуық (485 мың) ТУРКОД берді, деп хабарлайды қордың баспасөз-қызметі.

2017 жылдан бастап қазақстандық саяхатшыларға шетелге тур-кодпен шығуға кеңес беріледі. Арнайы құрылған «Туристік Қамқор» КҚ шетелде кұтпеген жағдайға тап болған сәтте отандастарын тез арада елге оралтуды көздейді.

Туроператорға туристік кодты Қор жарна мен (бір турист үшін жарнаның көлемі 1 АЕК – 1202 тг. Ол соманы турист үшін туроператор өзі төлейді) банктік кепілдемелер (12 млн мен 36 млн теңге аралығында) төленгеннен кейін ғана береді.

Бүгінгі таңда “Туристік Қамқор” Қорының құрамына 56 туроператор мүшелікке енген. Алайда Қазақстанда шетелге шығумен айналысатын ұзын саны 140 компания қызмет етеді. Яғни, қалған 70-тен астам туроператор қауіп-қатерге бас тіге отырып, жасырын түрде қызмет көрсетуде деген сөз. Ондай жағдайда шетелде демалыста жүрген отандастарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін емес.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!