12 желтоқсанға арналған мұнай және металл бағамдары

09:39, 12 желтоқсан 2019
236

Алматы. 12 желтоқсан. 7kun.kz — Он екінші желтоқсанға арналған мұнай және металл бағамдарының бағасы анықталды.

Мұнай: шикізат бағасы төмендеуді жылдамдатты, нарыққа қатысушылар елдегі энергия көздерінің қоры туралы АҚШ Энергетика министрлігінің апта сайынғы баяндамасын күтіп отыр. S&P Global Platts сауалнама жүргізген сарапшылар АҚШ-та екінші аптаның қорытындысы бойынша мұнай қорының 2,8 млн баррельге төмендеуін күтіп отыр, деп жазды investing.com. 23:45-тегі жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасына ақпан фьючерстерінің құны 0,89%-ға, барреліне 63,77 долларға дейін төмендеді. Ал WTI фьючерстерінің бағасы 0,61%-ға, барреліне 58,88 долларға дейін арзандады.

Металдар: алтын құны АҚШ Федералдық резервтік жүйесінің (ФРЖ) шешімін күту аясында өсті. CME Group мәліметтері бойынша, сарапшылар қатарынан үш рет төмендегеннен кейін пайыздық мөлшерлеме қазіргі 1,5-1,75% деңгейінде қалады деп күтеді, деп жазды 1prime.ru. 23:23-тегі жағдай бойынша Нью-Йорктің COMEX биржасында алтынға ақпан фьючерсінің бағасы 6,95 долларға немесе 0,46%-ға көтеріліп, бір троя унциясы 1 474,95 долларға сатылды. Наурыз фьючерсінің құны күміске 0,81%-ға өсіп, бір унциясы үшін 16,8 доллар болды.

Криптовалюталар: coinmarketcap.com порталының мәліметтері бойынша, 23:39-да bitcoin 7 250,71 долларға саудаланды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптовалюта 0,44%-ға арзандады, ал оның капитализациясы 131,2 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum бағасы 1,19%-ға арзандап, 144,33 доллар тұрды. Бұл криптовалютаны капиталдандыру 15,7 млрд долларды құрады. Нарықтың жаһандық капитализациясы — 197 млрд доллар.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!