42 500 теңге әлеуметтік төлемақыны алу үшін карточкалық шоттарды пайдалануға болады

16:19, 2 сәуір 2020
6465

42 500 теңге әлеуметтік төлемақыны алу үшін банктердегі карточкалық шоттты пайдалануға болады. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.

Бұған дейін аталған төлем әлеуметтік болғандықтан арнайы шот ашу қажеттігі туындаған еді. Өйткені әдеттегі шот болмаса алушы банктерге қарыз болған жағдайда түскен әлеуметтік көмекті алып қоюы мүмкін. Алайда қазіргі карантинге байланысты банктерде шот ашу қиын. Сондықтан агенттік екінші деңгейдегі банктермен
және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдармен жұмыс жүргізіп, Әлеуметтік көмек алатын клиенттердің банктік шоттарына тыйым салу немесе басқа шектеулер салу фактілері анықталған жағдайда тыйым салуға және 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлеақыны өндіріп алуға жол бермеу шаралары қабылауға келіскен.

Сондықтан банк клиенттері әдеттегі карточкалық шоттарды әлеуметтік төлемақы алу үшін пайдалана алады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!