35 мыңнан астам адам елден кетті

15:07, 15 қаңтар 2018

Алматы. 15 қаңтар. 7kun.kz – 2017 жылдың қаңтар-қараша аралығында Қазақстаннан 35,1 мың адам кеткен, деп хабарлайды LS.

2016 жылдың сол кезеңінде елден көшіп кетушілер саны 32,5 мың адамды құрады (өсім 8 пайыз).

2017 жылы қаңтар-қараша мигранттардың саны 2016 жылмен салыстырғанда (9,2 мың адам) 21,2 пайызға артып, 10,3 мың адамды құрады.

Көші-қон сальдосы 20 600 адамды құрады.

ТМД-дан Қазақстанға тұрақты тұруға 10,3 мың адам келді, 31,4 мың адам, керісінше, кетіп қалды. ТМД елдерімен көші-қон сальдосы 21,1 мың адамды құрады.

Сондай-ақ, басқа елдерден 4,1 мың адам келіп, ал 3,7 мың адам кетті. Көші-қон балансы 467 адам болды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!