«7-20-25»: 107 млрд теңгеге өтінімдер мақұлданды

17:28, 22 шілде 2019
307

Алматы. 22 шілде. 7kun.kz — 2019 жылғы 22 шілдедегі жағдай бойынша «7-20-25» бағдарламасымен 177,8 млрд теңге сомаға қарыз алуға 15 764 өтінім қабылданды. Оның ішінде 107,2 млрд теңге сомаға қарыз беруге 9322 өтінім мақұлданды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасының шарттарына өзгерістер енгізіп, оның мүмкіндіктерін кеңейтті. Енді қарыз алушының бастамасы бойынша тұрғын үй құнының 20%-дан астам бастапқы жарна енгізуге болады. Осылайша, негізгі борыш пен банктердің қарыз алушының төлем қабілеттілігіне қоятын талаптары азаяды.

Жыл ішінде бағдарлама бойынша берілген несиелер көлемі 101,9 млрд теңгені құрады. Қазақстан бойынша 8844 отбасы тұрғын үйді тиімді шарттармен сатып алуға мүмкіндік алды.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтерлерді ең белсенді сатып алушылар және тиісінше ипотекалық несие алушылар Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындары болды. Оларға барлық қарыздардың 51% тиесілі. Ипотеканы сатып алудың ең танымал түрі 50-60 шаршы метрді құрайтын 1 және 2 бөлмелі пәтерлер.

Айта кетейік, «7-20-25» мемлекеттік ипотекалық бағдарламасы 2018 жылдың 31 мамырында бекітілді. Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастама» аясында берген тапсырмасы бойынша әзірленді. Бағдарлама операторы — Ұлттық банктің еншілес ұйымы «Баспана» компаниясы.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!