29 қарашада өткен саудада доллар аздап төмендеді

15:40, 29 қараша 2024

© Фото: Zakon.kz

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 29 қарашада сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,83 теңгеге төмендеп, 511,22 теңгені құрады.

Юаньнің орташа сараланған бағамы 70,19 теңгеге (-0,19) дейін төмендеді.

Ақша айырбастау орындарында доллар 518,5-522,5 теңгеге, еуро 540,5-547,5 теңгеге, рубль 4,79-4,91 теңгеге сатылуда.

 
 

Бұл ретте 29 қарашадағы аукционда мұнайдың әлемдік бағасы әртүрлі бағытта өзгерді.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында ақпан айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,15%-ға арзандап, барреліне 72,67 долларды құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қаңтардағы фьючерстері барреліне 0,32%-ға қымбаттап, 68,94 долларды құрады.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 513 теңге, еуроны 541,16 теңге, рубльді 4,69 теңге деп белгіледі.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!