14-16 қаңтарға арналған ресми валюта бағамы

16:11, 14 қаңтар 2017
565

Қазақстанның Ұлттық банкі бейсенбі күні 14-16 қаңтарға арналған шетел валюталарына қатысты ресми бағамды жариялады деп хабарлайды Қазақстанның қор биржасы.

 

АҚШ доллары — 332,06 теңге, 1 еуро — 353,44 теңге, Ресей рублі — 5,58 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 405,31 теңге, жапон йені— 2,90 теңге, 1 қытай юаньы — 48,15 теңге, 1 қырғыз сомы — 4,78 теңге, 100 өзбек сумы— 10,27 теңге болды деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада.

АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстан қор биржасындағы 14 қаңтардағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 332,06 теңге деңгейінде нақтыланды.

Ал теңге курсына қатысты басқа шетел валюталары кросс-курс есебі бойынша Астана уақытымен 16.00-де белгіленді.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!