«7-20-25» бағдарламасы: 120 млрд теңге қарыз берілді

15:42, 12 қыркүйек 2019

Алматы. 12 қыркүйек. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі «7-20-25» бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпаратты жариялады. 

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 5 қыркүйектегі жағдай бойынша 201,3 млрд теңге сомаға қарыз алуға 17 804 өтінім қабылданды. Оның ішінде 120,3 млрд теңге сомаға қарыз беруге 10 482 өтінім мақұлданды.

Айта кетейік, «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Баспана» ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуыңызға болады. Сонымен қатар, ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында  www.baspana72025.kz  сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!