6 айда жүк айналымы 281, 861 млрд тоннаны құрады

10:10, 16 шілде 2018

Алматы. 16 шілде. 7kun.kz – Соңғы 6 айда Қазақстандағы жүк айналымы 281,861 млрд тоннаны құрады. Бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,5 пайызға көп, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті.

Есепті кезеңде темір жол көлігінің жүк айналымы 11,4 пайызға артып отыр. Ал, құбыр жүргізу көлігінде 9,4 пайыз, автокөлік жүк айналымында – 6,4 пайыз өсім байқалады. Жүк тасымалдау көлемі 1,838 млрд тоннаны құрады (2017 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда 6,4 пайызға артқан).   2018  жылдың қаңтар-маусымында жолаушы айналымының көлемі 135,004 млрд жолаушы-шақырымды құрады (өсім – 5,5 пайыз). Автокөліктегі жолаушылар легі – 4,6 пайызға, темір жолда – 7,1 пайыз, әуедегі – 22,6 пайыз өсім көрсетті. Жарты жылда 11,12 млрд жолаушы тасымалданған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!