52 адам тірідей өртенген автобус иесіне сот үкім шықты

17:34, 14 тамыз 2019
109

Алматы. 14 тамыз. 7kun.kz — Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотында Өзбекстан Республикасының 52 азаматы қаза тапқан автобус иесіне үкім шығарылды.

Сот Ордухан Мехтиевті (жүргізуші) кінәлі деп танып, оны ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен үш жылға бас бостандығынан айырды, деп атап өтті облыстық соттың баспасөз қызметі.

Бұған дейін Мехдиевке техникалық ақаулары бар көлікті заңсыз пайдаланды деген айып тағылуда деп хабарланған.

2018 жылдың 18 қаңтарында Ақтөбе облысының Самара –Шымкент тас жолында 57 адам болған автобус жанып кетті. Ресейге жұмыс істеуге барған Өзбекстанның 52 азаматы қаза тапты. Тірі қалғандардың арасында – қазақстандық үш жүргізуші және екі жолаушы – Өзбекстан азаматтары бар. Автобустағы өрттің себебі өрт қауіпсіздігін сақтамау болды.

Бес айыпталушының соты 2018 жылдың қараша айында өтті. Автобустың үш жүргізушісі бес жылға бас бостандығынан айырылды. «Азия транзит сервис» ЖШС екі қызметкері – серіктестіктің құрылтайшысы мен механигі — 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Автобустың иесі Мехтиев сол трагедиядан кейін жасырынып, оған халықаралық іздестіру жарияланды. 2018 жылдың соңында ол Өзбекстан аумағында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды.

Источник: 7kun.kz

Пікір