Жұрт жүргізуші куәлігін жасата алмай қалды – ХҚО-ларда техникалық ақау

15:02, 29 қыркүйек 2021
1693

© Сурет: zakon.kz

29 қыркүйекте ҚР мамандандырылған ХҚО жұмысында техникалық ақау шықты, соның салдарынан жүргізуші куәліктерін беру – жүргізуші куәлігін алғаш рет алушылар мен қосымша санат алушылар үшін қызметтер қолжетімсіз, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстандықтар теориялық және практикалық емтихандарды тапсыра алмайды. Көлікті қайта тіркеуге қою және жүргізуші куәлігін ауыстыру қызметтері қолжетімді.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлесіп, ақауды жою және қызметті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сервис жұмысының қалпына келтірілгені туралы қосымша хабарланатын болады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, делінген хабарламада.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!