Жүргізушілердің қысқы дөңгелекке ауысатын кезі келді

14:51, 5 қазан 2021
1783

© Сурет: kolesa.kz

Ел астанасы Нұр-Сұлтанда 4 қазанда басталған қар 5 қазан таңертең ғана тоқтады. Жол тайғақ. Бір тәулікте қалада 96 жол апаты тіркелген. Полиция жүргізушілерге ақырын жүруді және дөңгелек ауыстыруды ескертті. Мұндай жағдай қала сыртындағы тас жолдарда да байқалды, дейді kolesa.kz.

Петропавлда қар жауғанымен, бірден еріп жатыр. Шығыс Қазақстанның таулы аймақтарында жолдарды қар басып қалды. Синоптиктердің болжауынша, бүгін де ауа райы көңілдегідей болмайды:

  • Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғады, желдің екпіні 15–20 м/с болады.
  • Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында түнде көктайғақ болып, күндіз шығыста жел күші 15–20 м/с-қа жетеді.
  • Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз облыстың солтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.
  • Алматыда 6 қазанда (сәрсенбі) жаңбыр жауып, соңғы қарға айналады.

Оңтүстік астананың коммуналды қызмет өкілдері қала көшелерін тазартуға 1038 арнайы техника дайын екенін хабарлады.

Егер қар қалың жауса, 18 құрылыс ұйымынан 150 қосымша жүк көлігі мен тиегіш жалға алынады. Мегаполисте қысқа дайындалған 30 мың тонна тұз бен 60 мың тонна құм бар. Қыста жолдарды 1400 жұмысшы тазалайды. Қажет болса қосымша 1200 адам тартылады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!