Жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізгендерге 126 мың теңге айыппұл салады

14:21, 6 қараша 2019
3223

Жүргізуші куәлігі жоқ тұлғаның көлік құралын басқарғаны үшін айыппұлды 5 есеге арттыру ниетін депутаттар айтып отыр. Бұл туралы бүгін Мәжілістің отырысында заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, депутат Қанат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта мұндай құқық бұзушылық үшін жаза 10 АЕК (25 250 теңге) көлемінде айыппұл төлеуді қарастырады. Енді Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгертулер енгізу бастамасын көтергендер бұл соманы 50 АЕК-ке (126 250 теңге) дейін көбейтуді ұсынуда.

Мусиннің пікірінше, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулер әкімшілік заңнаманы жетілдіруге, әкімшілік жауапкершілікті ізгілендіруге, мемлекеттік органдар мен сот билігі арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажыратуға бағытталған.

Атап айтқанда, депутаттар жекелеген құқық бұзушылықтарды жойып, Кодекстен алып тастады. Бұл азаматтарды жауапкершілікке тартпай-ақ, сотта азаматтық іс бойынша шешуге болатын дауларға қатысты жасалады. Бірқатар құқық бұзушылықтар үшін айыппұлдар мөлшері азайтылды. Сондай-ақ, қолданыстағы әкімшілік жазалар жеңілдетілді.

- Сонымен бірге, депутаттардың ұсынысы бойынша жол қозғалысы саласындағы белгілі бір бұзушылықтар үшін айыппұлдар көбейтілді. Мәселен, көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған адам рөлге отырса 50 АЕК айыппұл салынады. Қазір бұл айыппұл мөлшері – 10 АЕК. Мұндай бұзушылықты қайталағаны үшін айыппұл мөлшері 20-дан 70 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Бұл түзету қазақстандықтардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданды, - деді Мусин.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!