Жазда қысқы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерді 5 АЕК айыппұл күтіп тұр

13:18, 24 мамыр 2021
1787

© Сурет: kolesa.kz

Қысқа арналған дөңгелекпен жазда жүру өте қауіпті. Бүртабан дөңгелек асфальтте тайғанақтайды, жұмсақ "жабысқақтар" (липучка) күн ыстықта күтпеген мінез көрсете салуы мүмкін, деп ескертеді kolesa.kz.

Сол себепті Кеден одағының "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті мен ҚР Жол ережесі жазда (маусым, шілде, тамыз) қысқы дөңгелектерді пайдалануға тыйым салады.

Әкімшілік кодекстің 590 бабы 5 б. мұндай ереже бұзушылық үшін 5 АЕК (14 585 теңге) айыппұл салуды көздейді. (Жыл ішінде жазда қысқы дөңгелекпен жүргені үшін екінші рет ұсталғандар – 20 АЕК айыппұл төлейді).


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір