Жаңарған Lada Vesta шығайын деп тұр

16:27, 14 сәуір 2021

© Сурет: kolesa.kz

Lada Vesta-ның тұмшаланған прототиптері бірнеше рет көзге түскен. Бірақ жаңарған көліктің сериялы нұсқасын біраз күтуге тура келеді, дейді kolesa.kz.

ТАСС ақпаратына сүйенсек, "Вестаның" рестайлингі 2022 жылдан ерте өндірілмейді.

Дегенмен Ижевск қаласында модельді шығаруға қызу дайындық жүріп жатыр. Былтыр жыл соңында машинаны құрастыруға арналған желіні 2021 жылы қарашаға қарай дайындау жоспары жайлы сөз болған.

Айта кетерлігі, Lada Vesta-ға өзге бампер, жүксалғыш қақпағы, жаңа дискілер мен жарықдиодты оптика орнатылады. Дизайнерлер салондағы алдыңғы панельді, ортаңғы консольді, есік картасы мен рөлді түрлендірді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!