Жаңа жылдан бастап Lada автокөліктері қымбаттайды

16:10, 30 желтоқсан 2019

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап АвтоВАЗ-дың барлық модельдері 2-3%-ға қымбаттамақ. Бұл туралы "Ведомости" газетіне бірден үш дилерлік компанияның өкілдері хабар жеткізген, дейді kolesa.kz.

Автокөліктердің құны өседі. Мәселен, Ресейдегі ең сатылымы көп Granta моделі 2,5% пайызға қымбаттап, құны 455 900 рубльден басталатын болады. Базалық жабдықтағы Vesta седанының құны 3.8%-ға өссе, Xray хетчбэгі 0.8%-ға қыбаттайды.

Бағасы бұрын 538 900 рубль болған үш есікті Lada 4×4 моделі енді 619 900 рубль тұрады. Ал модельдер тізіміндегі ең қымбаты – Lada Vesta Sport көлігі базалық жабдықта 15 мың рубльге қымбаттап, бағасы 1 042 900 рубльге жетпек.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!