Жамбыл облысындағы уақытша жабылған жол ашылды

16:30, 31 тамыз 2021

© Сурет: Тимур Еникеев

Байзақ ауданындағы әскери қоймада өрт шығып, жарылыс болғандықтан, азаматтардың қауіпсіздігі үшін жол жөндеушілер республикалық маңызы бар Алматы — Ташкент — Термез тас жолының Тараздан (505 км) Ақшолақ ауылына дейінгі (474 км, Жібек Жолына бұрылатын жер) бөлігін жапқан болатын, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Kolesa.kz тілшісіне хабарлағандай, өткен демалыста жол ашылып, барлық көлік құралының жүруіне рұқсат етілді.

Соңғы мәлімет бойынша, ҚР ҚМ 28349 әскери бөлімінде болған жарылыстан 15 адам қаза тапты, арасында төтенше жағдайлар департаментінің мамандары да бар. Кейбір өрт сөндірушілердің айтуынша, әскери қызметкерлер оларды қойма қауіпті емес деп сендірген.

Aibat.kz сайтына № 28349 әскери бөлім командирінің орынбасары, подполковник Руслан Жылқыбаев "Техникалық сипаттамасы бойынша өртенген қоймадағы инженерлік оқ-дәрілер жарылмауы керек еді. Сондықтан әскери бөлімнің өрт сөндіру тобы отты оқшаулау және ТЖД өрт сөндіру бөлімін шақыру туралы шешім қабылдады", — деп түсіндірді.

Төтенше жағдайдың себебін арнайы комиссия анықтайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!