Зейнетақы ақшасын автокөлік алуға пайдалану қарастырылуда

Қазақстанда зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігін автокөлік сатып алу мақсатына пайдалануға рұқсат беру ұсынылды. Бұл туралы Astana Motors компаниясының басшысы Нұрлан Смағұлов айтып жүр, дейді zakon.kz LS ақпаратына сілтеме жасап.
Смағұловтың сөзінше, Қазақстандық автобизнес қауымдастығы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне осы ұсынысын жеткізген. ИИДМ өз кезегінде бұл ұсынысты қарастыру үшін оны ұлттық экономика министрлігіне жолдап жіберіпті.
БЖЗҚ ақшасын баспанаға ғана емес, Қазақстанда жасалған автокөлікті алуға да жұмсау мүмкіндігі берілсін деген ұсыныс жасадық. Әрине, халыққа ең керегі баспана, бірақ ескі көлігінен әбден шаршаған, немесе қара жаяу жүргендердің тағы бір арманы жаңа көлік. Халыққа көлігін жаңартуға мүмкіндік берілуі тиіс деп ойлаймыз. Бұл идеяны көлік шығарушылар да автокомпаниялар да қолдауы керек, – деген екен Смағұлов.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:40, 20 сәуір 2021
Қазақстанда заңды тіркелген 4,3 млн автокөлік жүр
-
16:02, 20 сәуір 2021
Алматыда тағы бір көшеде тұрақ ақылы болады
-
09:46, 20 сәуір 2021
Автопилот «қуып кетті». Tesla Model S ағашқа оңбай соғылды
-
15:38, 19 сәуір 2021
Армениядан әкелінген көлікке екі рет салық салынбайды
-
16:27, 14 сәуір 2021
Жаңарған Lada Vesta шығайын деп тұр
Пікір