Үкімет үнсіз: халық басын бәйгеге тігіп, «рус.учет» алып жатыр

16:03, 8 қыркүйек 2021

© Сурет: facebook.com / AibekKossan

Көп қазақтың арманына айналған Альфард. Көлік жүргізушілерімен сөйлесе қалсаң, осы Тойота туралы ертелі-кеш әңгіме бастала кетеді, дейді желіде Айбек Қосан.

Қала арасында адам тасумен күн көріп жүрген жігіттердің түсіне кіретін авто бұл.

Бір өкініштісі бұл темір тұлпардың KZ тіркеуін кездестіру екіталай. Тіркеу дегеннен шығады. Жақында танысымның танысы 4 миллион теңгеге Ресейден осындай көлік алдырған! Бір ай өтпей жатып, оны полиция тоқтатып, машинасын айып тұрағына қойған. Неге? Бұл көліктің нөмірі дубликат болып шыққан. Тура осындай нөмірлі авто, көрші елде бір қылмысты жасауға қолданылған дейді.

Елдегі иесі енді не істейді? Не көлік не ақша жоқ. Сатқан адам "сауда сақал сипағанша" депті.

Өкінішке қарай, мұндай оқиғалар көп болмаса да кездесіп жатыр. Авто қымбаттаған соң халық қайтсін, басын бәйгеге тігіп, "рус.учет" алып жатыр. Бұл проблемаға Үкімет неге үндемей қарап отырғаны белгісіз, делінген жазбада.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!