Үкімет ЕАЭО елдерінен әкелінген көліктерді пайдалану ережелерін бекітті

11:20, 3 ақпан 2020
1977

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген көліктерді Қазақстан Республикасына тасымалдануы және Қазақстан Республикасы азаматтарының осындай көлік құралдарын пайдаланудың кейбір мәселелері туралы" 2020 жылғы 31 қаңтардағы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Құжат көлік өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау ережелеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізеді.

Атап айтқанда, "Қазақстан Республикасының азаматтары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген көлік құралдарына қатысты төлем 2021 жылдың 1 наурызына дейін төленеді" делінген онда.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден әкелінетін көлік құралдарын алғашқы тіркеу кезінде көлік өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындауын растайтын құжат 2020 жылғы 1 наурызға дейін жол қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органға тапсырылады.

2020 жылдың 1 наурызына дейін ҚР Ішкі істер министрлігіне аталған көлік құралдарын тіркеу бойынша шаралар қабылдау және көрсетілген көлік құралдарының санатын тіркеу туралы куәліктің жарамдылық мерзімін 2021 жылдың 1 наурызына дейін белгілеу тапсырылды.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және 2021 жылдың 1 наурызына дейін қолданыста болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!