Түтін будақтататын көліктерге салынатын айыппұл көлемі бес есеге өсті

Қазақстанда "Экологиялық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға сәйкес, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап көліктерге ауаға лас түтін бөлгені және шуды көбейтетін құрылғы қолданғаны үшін айыппұлдар 5 есеге өседі, деп хабарлайды zakon.kz.
Осылайша, Кодекстің 334-бабына "Автокөлік құралдарынан және басқа да жылжымалы көлік құралдарынан шыққан ластаушы заттардың құрамы нормативтерінен (техникалық стандарттардан) асып түсу" деген өзгеріс енгізіліп, соған байланысты енді ауаға лас газ бөлетін және шуды көбейтетін құрылғыны пайдаланғаны үшін автокөлік иелеріне алғашқысында ескерту жасалады немесе 10 АЕК (29 170) мөлшерінде айыппұл салу көзделеді.
Бір жыл ішінде бірнеше рет заң бұзушылық орын алған жағдайда 20 АЕК (58 340 теңге) айыппұл қарастырылған.
Қазіргі уақытта айыппұл мөлшері жеке тұлғаларға 2 АЕК, бірнеше рет бұзылған жағдайда - 5 АЕК құрайды.
Заңды тұлғалар үшін айыппұл 100 АЕК (291 700 теңге), қайталанған заңбұзушылықтар кезінде - 200 АЕК (583 400 теңге) құрайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:07, 1 наурыз 2021
Утильсбор деген бәле бүкіл мәшинені қымбаттатып отыр
-
20:38, 25 ақпан 2021
ІІМ армян нөмірлі көліктерге тыйым салуға батпай отыр
-
15:38, 25 ақпан 2021
Қазақстанда ресейлік нөмірлі Lada мен «ВАЗ» қаптады
-
09:36, 22 ақпан 2021
Сүйкімсіз Chevrolet Cobalt. Арзан седан кредитке алуға лайық па?
-
11:27, 19 ақпан 2021
Бұлар кім? Елде L сериялы сары нөмірлі көліктер жүр
Пікір