Төле би – Алматыдағы ең сорлы көше. Басқа атау беру керек еді
© Сурет: facebook.com / niyazbek.zharas
Алматының бар проблемасы шешіліп, бүкіл жағдайы реттеліп, халықтың әл-ауқаты артып, әкімдіктің бір жыл бұрынғы асфальт жолды жаңартудан басқа жұмысы қалмады! Қандай ғажап! Керемет қой бұл, деп күйініп кетіпті желіде Жарас Ниязбек деген жігіт.
Байбек тоқтатқан трамвай рельстері араға 4 жылдай уақыт салып топыраққа көмілмек. Оны қазып алып кәдеге жаратуға немесе қайтадан сондай экологияға зиянсыз қоғамдық көлік жүргізуге мүлде болмайды. Әкімдік солай ойлайтын сияқты. Есесіне жыл сайын бордюр ауыстыру мен жаңа төселген жолды қайта қазып асфальт төсеу өте қажет! Кезек күттірмес мәселе.
Төле би көшесі - қаладағы ең бір сорлы көше. Басқа атаумен атау керек еді. Жыл сайын қазылады. Ала жаздай ремонт. Көліктер түтінін будақтатып сағаттап тұрады кептелісте. Кайф. Иә, әкімдік кайф алады содан. Басқаша болуы мүмкін емес.
Осылар қай жерімен ойлайды екен?
Әй, көкелер! Жолды жөндеме демейді, жөнде. Иә, Төле би көшесінде қаланы жылумен қамтитын негізгі магистраль жатыр. Білеміз оны. Бірақ қазып тастап, бетіне қарап отырған дұрыс емес. Сендердегі басты кемшілік: жол жөндейміз деп бордюр ауыстырып, асфальт төсейсіңдер. Бір жыл өтпей немесе артынша құбырды ауыстыру керек болады Қайта қазып жап-жаңа асфальтты қырып алып, қайта жол төсейсіңдер. Классика!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:51, 17 желтоқсан 2021
Алматы облысындағы республикалық тас жол қолайсыз ауа райына байланысты жабылды
-
19:22, 7 желтоқсан 2021
Ақмола облысында орын алған жаппай жол апаты салдарынан 10 адам зардап шекті
-
16:42, 7 желтоқсан 2021
Қарағандыда бірнеше көлік жол жиегіне ұшып кетті
-
15:42, 3 желтоқсан 2021
Tesla балалар көлігін шығарды
-
00:00, 2 желтоқсан 2021
Жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілер айыппұл төлеп жатыр